ҚАЛА БАСШЫСЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

18 Шілде, 2019

Бүгін қала басшысы  қаламыздағы аналар қауымымен кездесті. Еркін форматта өткен  басқосуға қалалық әйелдер кеңесі мен облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері және әртүрлі салада белсенді қызмет етіп жатқан  қыз-келіншектер қатысты.

Жиында қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Мұстафаева, еңбек ардагерлері  Таскүл Махмұтова,  Раушан Сержанова, қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, ардагер ұстаз Зағира Мұстафаева,  облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева, жеке кәсіпкерлер Зоя Шин, Мухаббат Ибрагимова, Мукаррам,ардагер журналист Балтагүл Нұржанова, ардагер дәрігер Күнила Көптілеуова, кітапханашы Әлима Сүннатіллақызы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің қызметкерлері Мариям Тасболатқызы,Үміт Мелдебекова,  Әдемі Толысбаевалар өздерінің ұсыныстары мен ой-пікірлерін  айтып,  қала басшысының қызметіне сәттілік тіледі.


Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызмет