ТҮРКІСТАН ӘКІМІ РАШИД АЮПОВ ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІН БАҒАЛАЙТЫН ТЕСТ ӨТКІЗДІ

09 Шілде, 2019
Тест 3 бөлімнен тұрады: сандық, ауызша және тұлғалық. Сондай-ақ, бағалау қызықты ойын элементтері түрінде өткізіледі.

Мақсаты - әкімдік қызметкерлерін дамыту үшін олардың мықты жақтары мен қырларын  анықтау. 

Тест аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер hr саласындағы мамандардан тиісті ұсынымдар алады.

"Елбасы Жолдауында атап өткендей, адами ресурстарды дамыту қажет. Әрбір адам өмір бойы дамуы керек, әсіресе,  қала әкімшілігінің қызметкері секілді маңызды лауазымда жұмыс істейтін адам. Мен біздің қызметкерлеріміздің ынталы және креативті болуын және олардың жұмыстарының нәтижелі болуын қалаймын», - деді Р. Аюпов.