АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ҚАЛА ӘКІМІ Р.АЮПОВ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

09 Шілде, 2019
9-шілде күні қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бір қатар мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді. 
Атап айтсақ; - экономика бөліміне қаладағы құрылыс жұмыстарына қаржының қажеттілігін шешу және жұмысын жеделдету масқатында облигациямен және мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде жұмыс жасау жүйесін қарастыру;
- Жер қатынастар бөлімі мемлекет мұқтаждығы үшін жер қайтару жұмыстары бойынша күнделікті мәліметті ұсынып отыру;
- Қаладағы құрылыс нысандарына камера орнатып, оны әкімдіктен қадағалауды үйлестіру;
- «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасындағы» студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қаладағы оқу орындарының (университет, колледж) жатақхана қажеттілігін анықтау, сұраныс жасау;
- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен шұғыл диспетчерлік қызмет ашу (шұғыл желі арқылы қаладағы ауыз су, электр жарығы, тазалық жұмыстары бойынша тұрғындардың өтініш, шағымын қабылдау үшін)
- Көшедегі жарнамалық баннерлерді жаңалау, жазылу стилін реттеу;
- Базар айналасындағы жабайы сауданы реттеу;
- «Қауіпсіз қала» бағдарламасын қайта қарап, жүзеге асыру тапсырылды.
Осы берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қадағалауды қала әкімі аппаратына жүктеді.