БАЛАУСАНЫҢ БИЫЛҒЫ МАУСЫМЫ АШЫҚ

06 Маусым, 2019

     Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты «Балауса» лагерінің биылғы  жылдағы кезекті бірінші маусымы ашық. Балаларға арналған жазғы-сауықтыру орталығындағы мамандар жылдағы дәстүр бойынша жоспарға сай 900 оқушыға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

    Маусымның салтанатты ашылуында лагерь директоры Б.Шойбеков пен қалалық білім бөлімінің  маманы А.Телқожаев құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға келесі оқу жылына сергек болып баруларына тілектестік білдірді.

     Кеш өнерлі өрендердің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жарасым тапқан әуезді ән мен би алаңының сәні ата-аналар үшін көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

     Айта кетейік, лагерь ұжымы бүлдіршіндерді 6 маусым бойы -  150 оқушыдан қабылдап, олардың 11 күн ішінде бой сергітіп, жазғы демалысты қызықты етіп өткізуге жағдай жасамақ. Мұнда әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан шыққан 211 оқушы қала әкімінің ықпалымен тегін жолдамамен қамтылды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі