Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

27 Мамыр, 2019

Түркістан қаласы әкімі Ә.Өсербаевтың 24-мамыр күнгі №96 ж/қ өкімімен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып Баирханов Жандос Бактбекович тағайындалды.

Жандос Бактбекович 1982 жылы 19 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының, Шілік ауылында туған. Еңбек жолын 2004 жылы "Астана қаласының көлік және байланыс департаменті" ММ жобалау және жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2006 жылы "Астана қаласының көлік және байланыс департаменті" ММ жобалау және жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болған.

2007-2015 жылдар аралығында «Шымкент қаласы әкімі аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімінің бастығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімінің бастығының орынбасары, «Астана қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жобалау бөлімінің бас маманы, жолдарды салу және жөңдеу бөлімінің бастығы, Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімінің» басшысы лауазымдарын атқарған.

2015-2018 Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 2018 жылдың 30-наурызынан 2019 жылдың 6-мамырына дейін Мәртөк ауданының әкімі қызметін атқарып келген.


Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі