Қаладағы 5 көше күрделі жөнделіп, 67 көше абаттандырылады.

18 Сәуір, 2019

Ағымдағы жылы қаламыздағы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 93,89 шқ құрайтын қаламыздың 5 көшесіне (19,1 шқ) күрделі жөндеу ал, 67 көшесіне (74,79 шқ) орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 3 көшенің (Б.Саттарханов даңғылы, Шекті-Тілеу Жібек жолы, Майкотов көшелері) күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы қала көшелерін жөндеу мен абаттандыру жұмыстары бойынша оң жақ бұрылыстар, бағдаршамдар, жол белгілері, аялдамалар мен аяқ жолдар және жарықтандыру жүйесі жаңартылатын болады.
Абаттандыру шаралары бойынша негізгі жұмыстардың бірі - ол Алматы, Астана қаларындағы абаттандыру тәжірибелеріне сүйене отырып Тәуке хан даңғылы, С.Қожанов көшесі бойындағы ХҚТУ және Медициналық колледж сияқты оқу орындарының және тағы басқа да нысандардың жол бойы мен ғимараттары аралығында «Кең көріністі кеңістік» қалыптастырылады. Яғни, темір шарбақ қоршаулар мен жапсарлас салынған уақытша құрылыстарды бұздырып, жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту мен жасыл желектерді абаттандыру арқылы сауда үйлерінің қас беттерін біркелкі сәулеттік үлгіге келтіріп, жол бойынан веложол қарастырып, жарық бағаналары орнатылатын болады.

Түркістан қаласы әкімдігін баспасөз қызметі.