«ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

18 Сәуір, 2019

2019 жылдың 5 сәуірінен бастап «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық байқауы басталды. 

Байқауға бір жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар, әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

Құжаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында орналасқан арнайы Әдістемелік ұсынуларда көрсетілген тәртіппен қабылданады.

Байқауға қатысу үшін үміткер құжаттарын мемлекеттік орган (жұмыс беруші) арқылы немесе жеке өзі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне, Түркістан қаласы, Отырар м/а, Департаменттер үйі мекенжайы бойынша бере алады (анықтама үшін телефон 8(72533) 5-94-81).

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) №3 қосымшыға сәйкес Конкурсқа қатысу бойынша өтініш;
2) №1 және №2 қосымшыға сәйкес Конкурсқа қатысушының сауалнамасының бағаланған белгісімен;
3) «Неге дәл мен үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» мотивациялық тақырыбына эссе, (500 сөз көлемінде баспа мәтіні, Times New Roman-14, бір жол аралығы) А-4 форматы.
4) Байқауға қатысушының қызметтік тізімі.

Құжаттар қабылданып болған соң, өтініш берушілер стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу бойынша Агенттіктің аумақтық департаментінде компьютерлендірілген тестілеуден өтеді (одан әрі –тестілеу).

Тестілуден сәтті өткен қатысушы аймақтық комиссиясында әңгімелесуде бағаланады.
Аймақтық комиссиядан оң қорытынды алған жағдайда екінші кезеңге яғни, республикалық комиссияға жолданатын болады.